6 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің әйелдер қауымы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен колледж ер-азаматтарын құттықтау мақсатында салтанатты түрде қарсы алып ерекше тілектермен, сыйлықтармен жақсы көңіл-күй сыйлады. «7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ» мерекесіне орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Алғы сөзді колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Сәбитова Тілек Батырханқызы сөйлеп өз атынан және колледждің барша әйелдер қауымының атынан құттықтады. Колледж жігіттерін, азаматтарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болуларын және қайратты, мақсатты болуына тілектестік білдірді. Колледждің қоғамдық өміріне белсене араласып шәкірт тәрбиелеуде аянбай еңбектенген оқытушыларды және оқуда озат студенттерді алғыс хат, құрмет грамоталарымен марапаттады. Атаулы мерекелік іс-шара барысында музыка бөлімінің студенттері Мергенбай Зәуре, «Гаухартас» триосының орындауындағы ән тамашаланып, түрлі ойындар ойнатылып, бейнебаяндар ер-азаматтардың назарына ұсынылды. Мерекелік кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды.