АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жыл 25 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде кәсіби бағдар жоспары негізінде музыка бөлімінің ұйымдастыруымен жастар жылына орай «Өнерлі өрендер» атты көркемөнерпаздар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – қатысушыларға орындаушылық саласында өз таланттарын көрсетуге, шығармашылық қасиеттерінің ашылуына көмектесетін мәдени қарым-қатынастарын дамытып, жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Алғы сөзді колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Сабитова Тілек Батырханқызы сөйледі. Байқауға қала мектептері бойынша 12 мектептен қатысушылар жиналды. Байқауға қатысушылардың бағалары қазылар алқасының төрелігімен шешімін тапты. Қазылар алқасының төрағасы – ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, композитор – Құрмет Сақай. Сонымен қатар қазылар мүшелігінде ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, дауыс қою пәнінің оқытушысы – Бешимов Қайрат Бақытжанұлы. Домбыра пәнінің оқытушысы, Халықаралық байқаулардың лауреаты – Қабдуали Сұлтан Мұратұлы. Эстрадалық өнер ұжымдарының жетекшісі, республикалық байқаулардың жеңімпазы – Жалманбет Мұратбек Бухарбекұлы болды. Байқау «Вокал» және «Аспаптық орындау» номинацияларынан тұрды. «Аспапта орындау» номинациясы бойынша жүлделі І орынды Серикова Мадина, ІІ орынды Искаков Болатбек, Қожахмет Асанали, ІІІ орынды Маратқызы Айкерім, Толамбаев Бахтияр. «Вокал» номинациясы болйынша жүлделі І орынды Елешқызы Шұғыла, ІІ орынды Абиева Сымбат, Қосымбекова Дарига, ІІІ орынды Дюсенова Дарига, Искаков Болатбек, Маратқызы Айкерім, ІІІ Погосян Эми, Тамыс Мерей иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Қатысушылар жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.