АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Қабылдау комиссиясының отырысы

26.04.2019

    2019 жыл 25 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қабылдау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен қабылдау комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Күн тіртібінде:

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына 2019-2020 оқу жылына арналған студенттерді қабылдаудың типтік ережесімен толық танысу                                                                                                                     Жауапты хатшы

2. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қабылдау комиссиясының жұмыс жоспарын, негізгі ережелерін бекіту

                                         Жауапты хатшы

3. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданатын мамандықтар негізінде оқуға түсу емтихандары алынатын пәндерді талқылау

                                          Жауапты хатшы

4. Дене тәрбиесі және спорт, музыкалық білім беру мамандықтарына байланысты арнайы кәсіби бағдар жұмыстарын жоспарлау

   Бөлім меңгерушілері

5. Әр түрлі мәселелер.

1. Бірінші сұрақ бойынша қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.Кажакпарова хабарлама жасады. 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығына сәйкес қабылдаудың типтік ережесіне енгізілген өзгерістер толығымен талқыланды. Қабылдау емтихандары алынатын пәндердегі өзгерістерге баса назар аударылды.

2. Екінші сұрақ бойынша қабылдау комиссиясының жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.

3. Үшінші сұрақ бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданатын мамандықтар мен оқуға түсу емтихандары бойынша алынатын пәндер талқыланып, талданды.

4. Төртінші сұрақ бойынша колледж директоры, қабылдау комиссиясының төрағасы Н.Ахат дене тәрбиесі және спорт пен музыкалық білім беру мамандықтары бойынша аудандық спорт және музыка мектептеріне арнайы жарнамалық хат жолдауды тапсырды. Сонымен бірге, аталған бөлімнің меңгерушілеріне өз бөлімдеріне талантты талапкерлерді іздеп-табу мақсатында спорт, музыка мектептеріне барып талантты талапкерлерді оқуға шақыру жүктелді. Сондай-ақ, сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі мен қабылдау комиссиясының хатшысына  бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама орналастыру міндеті жүктелді.

Әр түрлі мәселелер бойынша қабылдау комиссиясының кәсіби бағдар беру жұмыстары, оның ішінде, аудан мектептеріне хат, газет-журналдарға жарнама беру мәселелері талқыланды.

 

 

Просмотров: 361


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст