АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 18 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бұл – біздің таңдау!» атты ашық есік күні өткізілді. «Ашық есік» күнін ұйымдастыру мақсаты – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне талапкерлерді оқуға шақыру. «Ашық есік» күніне қала мектептері бойынша 12 мектептен 195 талапкер келді. Алғы сөзді колледжі директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ПҒА корреспондент мүшесі Н.Ахат сөйлеп талапкерлерге алғысын білдіріп, ақжол тіледі. Колледж студенттері болашақ таларкерлерге 7 мамандық, 9 біліктілік бойынша оқуға түсу тәртібін, оқу жүйесін, білім алудың тиімділігі жайлы толық ақпарат берді. Талапкерлер колледждегі өздерін қызықтыратын мамандықтар бойынша жан-жақты ақпарат алып колледж бейнебаянын, виртуалды мұражайды тамашалады. Іс-шара барысында қорытынды сөзді колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Сабитова Тілек Батырханқызы сөйлеп колледж ішінде оқудан тыс әр студент үшін уақытын тиімді ұйымдастырулары үшін барлық жағдайдың жасалғандығын айтып кітапхана, спорт залы, «Метатаным» релексация кабинеті, бильярд залы, би залымен таныстырып өтті. «Ашық есік» күні бағдарламасын қорытындылау мақсатында талапкерлер назарына колледж студенттерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ерекше қызығушылық танытқан талапкерлер іс-шара аяқталған соң колледж ішін аралап, өздерінің ізгі-ниеттерін білдірді. «Ашық есік» күні жоғары деңгейде өтті.