28.03.2022
2022 жылдың 16-18 наурыз күндері аралығында «Жас маман – 2022» қалалық байқауы өтті. Дарындылар додасы педагогтардың шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа технологиялардың тиімділігін насихаттауға, ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1) тестілеу; 2) мастер-класс; 3) презентация қорғау. Ақжолтай хабар!!! Байқауға 50-ден астам білікті маман қатысты. Аталмыш додада Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің түлегі, «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатының күміс жүлдегері, Ақмола облысы Степногорск қаласына қарасты Қырыққұдық ауылының жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дондых Құндыз Мұратқызы жүлделі І орынды иеленді. Білікті маман ретінде танылған түлегімізді шын жүректен құттықтаймыз! Бағындырар белестерің көп болсын!