Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Информатика бөлімінің И-41 студенттері дипломалды практиканың қорытынды конференциясын өткізді. Конференцияға колледж әдіскері Р.Ибраева және информатика бөлімінің оқытушылары, әдіскерлер қатысты. Конференцияның мақсаты – студенттердің диплом алды практика барысында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісу. Осы мақсатта информатика бөлімінің ІV курс студенттері 14 қаңтардан 02 наурыз аралығында қаладағы № 5,6,12,18,19,21,ІТ және алтын бесік ауылымыздың түрлі мектептерінде дипломалды практикадан өтіп, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер үлгі сабақтар өткізді. Сабақ барысында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес әдістерді пайдаланып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындды. Тәжірибеден өті барысында машықкерлер Scratch, Lazarus, Python, C++ программалау тілдері мен бағдарламаларды терең меңгерді. Колледж әдіскері Р.Ибраева қорытынды сөз сөйлеу барысында конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылуының себебі, студенттер жауапкершілікті сезініп, практика әдіскерлерімен бірлесіп тығыз байланыста жұмыс жасағандарының нәтижесі деп білетіндігін айтып, біздің студенттерге сәттілік тіледі.