18.03.2022
2022 жылдың 17 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ата салтым – асыл қазынам» атты салт-дәстүрлер фестивалі өтуіне байланысты «Мектепке дейігі тәрбие және оқыту» бөлімінің студенттері бала тәрбиесіне қатысты салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында «Дәстүрім менің – ар-қасиетім» атты іс-шара ұйымдастырды. Бөлім студенттері «Шілдехана», «Ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер» және «Қырқынан шығару» салт-дәстүрлерін негізге алды.