18.03.2022
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай 2022 жылдың 17 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Музыка» бөлімінің ұйымдастыруымен «Наурыз-думан» атты салтанатты кеш өткізілді. Бөлім студенттері сахна төрінде мейрам алдындағы ауылдың тыныс-тіршілігін, сал-серілердің ауылға келгенін көрініс ретінде көрермендердің назарына ұсынды. Сонымен қатар студенттер көңілді әндер шырқап, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.