18.03.2022
2022 жылдың 17 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ата салтым – асыл қазынам» атты салт-дәстүрлер фестивалі өтуіне байланысты «Информатика» бөлімінің студенттері отау көтеруге байланысты салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында «Ата-баба дәстүрі – адамгершілік негізі» атты іс-шара ұйымдастырды. Бөлім студенттері сахналық қойылым қойып, өз өнерлерін паш етті.