АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ» КЕМЕЛ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН!

17.03.2022
«Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы – еліміздің егемендігі». Дәл осылай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қадап айтты. «Жаңа Қазақстанды» құру үшін қабылданған нық шешімдер мемлекетіміздің жарқын болашағына айқын бағдар болмақ. Сай-сүйекті сырқыратқан «Қаңтар оқиғасының» ашылмаған құпиялары да жасырын қалмайды. Ақиқат айтылады, кінәлілер жазаланады. Ел Президенті мемлекет басшысының барлық азамат үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болуы керектігін баса айтты. Әкімдерге партияда қызмет атқаруға тыйым салынды. Ұлттық құрылтай құрылады. Бұл шешімдер Қасым-Жомарт Кемелұлының мықты дипломат екендігін айғақтайды. Сонымен қатар Семей аймағында Абай облысының құрылуы – еліміздің тарихына, мәдениет пен әдебиетіне бей-жай қарамаудың айқын көрінісі. Қазақ елінің біртуар перзенті Дінмұхаммед Қонаевтың да есімі мәңгі жаңғырмақ. Мемлекет басшысы Алматы облысын екіге бөліп, Қапшағайға нар тұлғаның есімін беруді ұсынып отыр. Сондай-ақ Жезқазған аймағында да Ұлытау облысы құрылып, тарихымыз қайта жаңғыруға қуат алады. Нәтижесінде «Жаңа Қазақстанда» 3 облыс бой көтереді.
Елдің саяси моделін қайта құру мақсатында қабылданған батыл қадамдарды іске асыруымыз қажет. Мән-маңызы айрықша Жолдаудың арқалайтын жүгі бөлек. Жауапкершілігі жоғары.
Ел еңсесін тіктеді. Енді тек жұмылған жұдырықтай болып, биік мақсаттарды бағындыруымыз қажет. Әрбір шешім ЕЛ мүддесі үшін қабылданған. Соны естен шығармайық! Елдің асыл мұраты – Тәуелсіздікті сақтап қалу.
Пікір білдірген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қайыржан Тілек Сағындыққызы
Просмотров: 258


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст