17.03.2022
Жолдау барысында Президент айтқан және қабылдаған шаралар толықтай көңілімнен шықты. Алға қойылған міндеттер соңына дейін іске асса, мерейіміз артар еді. Солардың қатарында Семей, Жезқазған қалаларына Абай, Ұлытау аттары мен облыс мәртебесін беру тапсырмасы ерекше ұнады. Өйткені, ұлы бабаларымыздың есімі келер шаққа мәңгі сақталуы керек. «Ешкім сырттан келіп, барлық жағдайды жасап бермейді. Өзіміз жасауымыз керек», – деген пікірге толық келісемін. Президентіміздің жолдаған сөздеріне мән беріп, жас та болса, бас болып, барынша атсалысуымыз керек. Сондай-ақ мемлекет басшысы азық-түлік бағасын ретке келтіру туралы айтуды да ұмытпады. Елде егін егу салаларын дамыту керектігін айтқаны да оңды шешім болды деп ойлаймын. Бұл – қарапайым халық үшін өте ұтымды ұсыныстар.
Пікір білдірген: информатика пәнінің оқытушысы Өтепбай Досай Жұмаханұлы