17.03.2022
2022 жылдың 16 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің І курс студенттерімен «Әз Наурыз – жаңару мен жаңғыртудың бастауы» атты фольклорлық сағат өтті. Топ жетекшілері Аяшева Жұлдызай Сұлтанғалиқызы мен Мукушева Нұргүл Серікқызы білім алушыларға төл мерекенің маңыздылығын баса айтып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттады. Студенттер қаражорға биін билеп, күмбірлетіп күй тартып, әуелеген ән салды. Бір-біріне тілек білдіріп, мәз-мейрам болып жатты. Қойылым қойылып, шашу шашылды.