АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«КӨКТЕМ АРУЫ – 2022» БАЙҚАУЫ

14.03.2022
2022 жылдың 11 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Кербез» мәдени-интеллектуалды қыздар клубы жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Көктем аруы – 2022» байқауы өтті. Негізгі мақсат – қазақ қызына ұлттық дәстүрге сай қасиеттерге бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойына қарапайымдылық пен әсемдікті дарытып, өнерге қызығушылығын, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді әрі қарай жалғастыруға себепші болуға баулу. Байқау «Таныстыру», «Шығармашылық өнер», «Интеллектуалды сайыс» және «Мен фотомодельмін» кезеңдерінен тұрды. Қатысушылар өздерінің шеберліктері мен өнерлерін барынша көрсетуге тырысты. Бірінен-бірі озық болған арулар байқау қорытындысына сәйкес «Музыка» бөлімінің ІІІ курс студенті Акбарова Жұлдыз Дамирқызы Бас жүлдені еншілеп, «Көктем аруы» атанды. «Ағылшын» бөлімінің ІІІ курс студенті Еншілес Райхан І орынға ие болса, «Логопедия» бөлімінің ІІ курс студенті Сұлтанова Дильназ Сабыржанқызы ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар «Бастауыш білім беру» бөлімінің IV курс студенті Наймантаева Сандуғаш Қайратқызы ІІІ орынды еншіледі. «Дене мәдениеті» бөлімінің І курс студенті Абилғазы Диана Бахытбайқызы «Өнерлі ару», «Информатика» бөлімінің ІІІ курс студенті Қожахметова Нұрай Нұрлыбекқызы «Көрермен көзайымы», «Филология» бөлімінің ІІ курс студенті Клепцова Виктория Васильевна «Білімді ару» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімнің ІІІ курс студенті Қуанышбекова Ұлдана «Бұрымды ару» атанды. Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Ибалылық пен әсемдіктің символы болып, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер!
 
Просмотров: 463


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст