2019 жылдың 27 ақпан күні Көкшетау қаласы № 11 «Арай» балабақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakstan - 2019» аймақтық чемпионатының 4 модуль бойынша байқау өтті. Мақсаты – Халықаралық стандарттар негізінде жоғары технологиялық салаларды кадрлық қамтамасыз ету тетіктерін, соның ішінде кәсіби бағдарлау, кадрларды даярлау, сараптамалық қауымдастықтарды қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру тіректерін қалыптастыру. Байқауға қатысушылар: Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенті – Узакбаева Айгерим Тәуекелқызы, Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің студенті – Булекпаева Ания Азаматовна, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті – Шарипова Айгерім Телжанқызы, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенті – Савельева Виктория Владимировна, Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті – Сергеева Анастасия Дмитриевна. 1-кезең. А модулі – «Тіл дамыту», «Мәнерлеп оқу, кітаптың тұсаукесері», 2-кезең. В модулі – «Құрастыру және робот техникасы» мектеп жасына дейінгі балалар үшін робот техникасы бойынша сабақты әзірлеу және жүргізу, 3-кезең Е модулі – «Дене дамуы» мектеп жасына дейінгі балалармен қимыл-қозғалыс ойындарын дайындау және ұйымдастыру, 4-кезең. С кіріктірілген модулі – «Көркемдік-эстетикалық дамыту» және «Ата-аналармен өзара қарым-қатынас» білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін мерекеге арналған ақпараттық-таныстыру тақтасын дайындау тапсырмалары бойынша байқауға түсті.