АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Робототехника – болашақтың бағдары» тақырыбында семинар

27.02.2019

      «Smart Aqmola» бағдарламасы аясындағы «Робототехника – болашақтың бағдары» тақырыбында Көкшетау қаласы Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейімен бірлесе отырып,  25 ақпан күні семинар-практикум өтті. Семинардың мақсаты: робототехника құралдарын дамытуда студенттер мен мектеп оқушылары арасындағы ақпараттық-технологиялардың кәсіби құзыреттілігін жаратылыстану-математикалық бағытта сауатты түрде дамыту. Информатика бөлімінің меңгерушісі А.Қалменбай, робототехника элективті курсының жетекшісі Сағындық Т.С,  И-31 тобының студенттері Амангельдинов Самат және Шаяхмет Айганым WEDO 2  роботымен шағын көлік және робот Валлиді құрастырып, программалады. Аталмыш мектептің 3 сынып оқушылары роботтарға қызығушылықпен қарап, роботтың бөлшектерімен танысты. Амангельдинов Самат және Шаяхмет Айганымның жетекшілігімен оқушылар жүк көлігін жасады. Бұл семинар мектеп оқушыларына жаңа ақпарат беріп, информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттырды. Әліде осындай семинар-практикум өз жалғасын табатына сенімдіміз.

 

Просмотров: 461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст