АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

I колледжішілік WorldSkills Kazakstan – 2019 «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзырлығы бойынша аймақтық чемпионатына қатысушыларды іріктеу.

18.02.2019

2019 жылдың 13 ақпанында колледж базасында «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзырлығы бойынша WorldSkills Kazakstan – 2019 аймақтық чемпионатына қатысушыларды іріктеу мақсатында байқау өткізілді.

Байқаудың кезеңдері 5 тапсырмадан құралған:

1-тапсырма: Ауызша эссе. Шығармашылыққа құрылған тақырып негізіндегі тапсырма орындау.

2-тапсырма: 1. Үй тапсырмасы Бастауыш сыныптағы бір оқу пәні (жаңартылған бағдарлама) бойынша сабақтан үзінді дайындау және өткізу. (жаңа білімді ашу кезеңі). 2. Білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету үшін оқу презентациясының әзірлемесі. (жаңа білімді ашу кезеңі).

3-тапсырма: Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарын кеңейту  мақсатында сыныптан тыс сабақтың әзірленуі мен өткізілуі.

4-тапсырма: Бірінші сынып ата-аналарымен өткізілетін ата-аналар жиналысының әзірлемесі.

5-тапсырма: «5 минутта үйретемін» конкурсы.

«Бастауыш сыныптарды оқыту» құзырлығы бойынша WorldSkills Kazakstan-2019 аймақтық чемпионатына қатысқан студенттер:

1. Маджитова Лаура – БМ-31 тобы

2. Сейтжан Салтанат – БМ-32 ҚБ тобы

3. Зейнулла Ақбілек – БМ-32 ҚБ тобы

4. Назырхан Айнур – БМ-41 тобы

Байқауға қатысушылар берілген тапсырмаларды тек қана көрсетілген бағыт бойынша емес өз ойларын, өз қиялдарын жетік қолданып жоғары деңгейде көрсете білді. Кезеңге байланысты уақыт беріліп, өздері жасаған жұмыстарын қорғап, әр қатысушы белсенділікпен, жауапкершілікпен атқара алды. Әрбір қатысушының бойынан бастауыш сыныптарды оқыта алатын маман иесі байқалды. Қатысушыларға жоғарыда көрсетілген 5 тапсырманы орындау үшін 5 еріктілер тандалып алынды. Еріктілер белсенді түрде қатысып, өздеріне керекті мағұлматтарды алды. Сайысымызды қорытындылау кезеңі қазылар алқасына ұсынылды.

2019 жылы 18 ақпан күні сайысымыздың жабылу салтанаты өткізілді. Қатысушыларымызды марапаттау құрметі колледж директорына берілді.

Бас жүлде – Маджитова Лаура

I дәрежелі диплом – Назырхан Айнур

II дәрежелі диплом – Сейтжан Салтанат

III дәрежелі диплом – Зейнулла Ақбілек

Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларымызға аймақтық чемпионатта тек қана сәттілік.

Қатысушылармен көптеген жұмыстар жүргізгендері үшін педагогика, психология және жеке пәндер кафедрасына алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст