АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«STEAM – кәсіптік білім беру жүйесінде білім алу» оқыту семинары

18.02.2019

     

16 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Ж.Мусин атындағы 305-дәрісханада колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А.Бейсембинаның ұйымдастыруымен «STEAM – кәсіптік білім беру жүйесінде білім алу» оқыту семинары өтті. Мақсаты – STEAM білім берудің негізгі идеясы болып табылатын технологияларды пайдалану, модельдеу, өнер, математика, пәнаралық және қолданбалы тәсілдер негізінде құзыреттілікті дамыту. Семинардың өткізілу формасы – шеберлік сабақ. Семинарға қатысушылар – колледждің педагогикалық ұжымы. Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуды талап етеді. STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM – сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. «STEAM – кәсіптік білім беру жүйесінде білім алу» оқыту семинарында алғы сөзді А.Бейсембина сөйледі. Музыка бөлімінің оқытушылары С.Таткенова, Б.Асхар «STEM – білім беру – оқытудың әмбебап құралы ретінде» тақырыбында  STEM – білім беру жүйесінің толық теориялық мағлұматына тоқталып, түсіндіріп өтті. Технология және оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы Г.Әміржанова «STEM – білім беруді технология сабақтарында жүзеге асыру» тақырыбында семинарға қатысушылармен ұжымдық іс-әрекет негізінде STEM – білім беру компоненттері мен негізгі адами құндылығын анықтау, ғылыми жобалар бастамасын орындау мақсатында жұмыс жасады. Жұмыс барысында қатысушылар 5 топқа бөлінді: «S – ғалымдар», «Т – технологиялар», «Е – инженерлер», «А – Арт-өнершілер», «М – математиктер». Әр топ жеке берілген тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде, STEM – аббревиатурасының мағынасын түсінді. Физика пәнінің оқытушысы «STEM – білім беруді заманауи мектепке дейінгі ұйымдардағы робот техникасы сабақтарында жүзеге асыру» тақырыбында семинарға қатысушылармен жұмыс жасаса, информатика пәнінің оқытушысы А.Қамалиден «ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқу процесінде қолданудың тиімділігі\интербелсенді тақтаның мүмкіншіліктері» тақырыбында жұмыс жасап әр сабақты түрлендіріп интербелсенді тақтаның көмегімен сабақты тиімді әрі ұтымды етіп өткізуге болытындығын айтып өтті. «STEAM – кәсіптік білім беру жүйесінде білім алу» оқыту семинары қызықты өтті.

 

        

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст