АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Қолданбалы бакалавриатты енгізу: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбында республикалық семинар

09.02.2019

Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 7-8 ақпан күндері «Қолданбалы бакалавриатты енгізу: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбында республикалық семинар болып өтті.

07 ақпан күні Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ драма театрында өткен семинардың пленарлық бөлімі колледж директоры Н.Ахат, директордың практика жұмыстары жөніндегі орынбасары Қ.Мұқышева, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Бейсембина, директордың оқу-әдістемелік бірлестік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ә.Рахимжанова, бөлім меңгерушілері: Қ.Иманбаев, А.Шекербаева, М.Сәтиева, Т.Лекерова, оқытушылар: Т.Жоламанова, Ө.Төлеген, Д.Ілияс, Г.Әміржанова, Г.Мыңбаева, А.Смаилова қатысты.

Семинарды «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Бимендина Әсима Темкенқызы ашты.

Ақмола облысының білім басқармасы басшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы алғы сөз сөйледі.

ҚР БҒМ ТжКБД мазмұн және әдістеме басқармасының бас сарапшысы Гүлвира Орынтайқызы Ошақбаева «Қазақстан Республикасында қолданбалы бакалавриатты енгізуде нормативтік-құқықтық қамтамасыздандырылуы», «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнын дамыту басқармасының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Жанат Қуанышбайұлы Далабаев «Қолданбалы бакалавриат бойынша білім беру бағдарламаларының тұжырымдамалық негіздері мен әзірлеу әдіснамасы», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің академиялық сұрақтар бойынша департамент жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Сәуле Қуандыққызы Искендирова «Орта білімнен кейінгі білім беру және жоғары білім беру бағдарламаларының сабақтастығы», Көкшетау жоғары мединициналық колледж директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Гүлнар Рахметқалиқызы Мұқышева «Қолданбалы бакалавриаттың медициналық колледжде енгізілу тәжірибесі: қорытындылар мен нәтижелер», Астана қаласы, Көлік және коммуникациялар колледжінің директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Лариса Ивановна Матвеева «Астана қаласы, Көлік және коммуникациялар колледжінде қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелері мен перспективалары», Қарағанды политехникалық колледжінің ІТ кафедрасының орынбасары Стелла Вячеславовна Зайцева «Қолданбалы бакалавриатты енгізуде оқу-жұмыс бағдарламалары мен силлабустың ерекшеліктері және мазмұны», Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж директорының міндетін атқарушы Ақнұр Қабиденқызы Еслямова «Қолданбалы бакалавриат: сұранысқа ие мамандарды даярлау факторы ретінде» тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Күннің екінші жартысында Көкшетау қаласы колледждеріне саяхат жасалды. Саяхат жасау барысында біздің колледжге Республиканың әртүрлі колледждерінен 35 маман келді. Қонақтарды колледж ұжымы қарсы алып, екінші қабаттағы Ж.Мусиннің бюстінің жанында колледж директоры Н.Ахат колледж тарихымен таныстырып, алғы сөз сөйледі.

Алдын-ала жасалған маршрут бойынша келген қонақтар қолданбалы бакалавриат топтарының (БМ-32 ҚБ тобы, Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі пәні, оқытушы Ө.Төлеген, МД-32 ҚБ тобы, Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру негіздері пәні, оқытушы С.Әмірова), эксперимент топтарының (А-22-тобы, Педагогика пәні, оқытушы Б.Батанасова) сабақтарына қатысты. Саяхат барысында Ж.Мусин мұражайымен, М.Монтессори дәрісханасындағы дидактикалық материалдармен, релаксация кабинетінің жұмысымен, бильярд залымен таныстырылды.

«Престиж» кафесінде кофе-брейк жасалынып, қонақтарды шығарып салдық.

08 ақпан күні Көкшетау қаласы, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде өткен секциялық бөлімге директордың оқу-әдістемелік бірлестік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ә.Рахимжанова, бөлім меңгерушілері: А.Шекербаева, М.Сәтиева, Т.Лекерова қатысып келді.

Секциялық бөлімді Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Бегжан Серікұлы Садвакасов пен «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесінің президенті, техника ғылымдарының кандидаты Шоқан Жанатұлы Қасым алғы сөз сөйлеп, ашты.

Секциялық бөлімде төрт секция жұмыс жасады.

1-секция «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша қолданбалы бакалавриаттың оқыту бағдарламасын игеруде эдвайзер жұмысын ұйымдастыру. Эдвайзер туралы Ереже» тақырыбы бойынша жұмыс жасады. Секция жетекшісі Е.Садвакасов, топ фасилитаторы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі, әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі О.Корнева.

2-секция «Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын таңдау бойынша мазмұн компонентін анықтау. Элективті пәндер каталогі және білім алушының жеке оқу жоспары» тақырыбы бойынша жұмыс жасады. Секция жетекшісі А.Төлебаев, топ фасилитаторы «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесінің оқу бөлімінің әдіскері А.Жакупова.

3-секция «Қолданбалы бакалавриат бойынша оқу-жұмыс жоспары мен бағдарламаларының әзірлемесі» тақырыбы бойынша жұмыс жасады. Секция жетекшісі Ж.Далабаев, топ фасилитаторы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі, педагогика пәндер кафедрасының меңгерушісі  И.Перешивкин.

4-секция «Кредиттік оқыту технологиясы барысында жұмысты ұйымдастыруда силлабус әзірлемесі» тақырыбы бойынша жұмыс жасады. Секция жетекшісі А.Еслямова, топ фасилитаторы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі директорының оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары  А.Асқарова.

Семинар соңында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнын дамыту басқармасының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Жанат Қуанышбайұлы Далабаев семинар жұмысын қорытындылап, жасалған ұсыныс-пікірлермен таныстырды.

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст