АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Corel Draw бағдарламасында «Work with text» атты үлгі сабақ

07.02.2019

       Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе, халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет.

Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.

Елбасымыз үштілді білім беру жүйесін енгізе отырып, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде, ал әлемдік экономикаға үйлесімді тіл ретінде ағылшын тілін меңгерту мақсатын көздеп отыр. Осы мақсатта жаратылыстану бағытындағы  пәндерді ағылшын тілінде оқыту арқылы ел болашағын дамытуды көздейміз. Ағылшын тілінде оқытуда тиімді әдістердің бірі Content and Language Integrated Learning деп аталады.

Аталған әдісті алғашқылардың бірі болып тәжірибеге енгізген − Дэвид Марш атты лингвист, еуропалық профессор. Бұл әдістің ерекшелігі CLIL – информатика, физика, биология, химия сияқты пәндерге қолдану арқылы тілді үйретуде өте тиімді болып келеді. 

Осы аталған технологияны негізге ала отырып, 1 ақпан күні информатика пәнінің оқытушысы Тоқтар Арай А-34 тобымен білім алушының таңдау пәнінен Corel Draw бағдарламасында «Work with text» атты тақырыпта үлгі сабақ өткізді. Үлгі сабақ қысқа мерзімді жоспарға сәйкес ағылшын тілінде әзірленген. Тоқтар Арай үлгі сабақта ағылшын тілінде еркін сөйлеп, педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдалана білді. Сабақ барысында студенттер ағылшын тілінде өздерінің ойларын еркін жеткізіп, компьютерлік тәжірибелік жұмыстарды орындады. Үлгі сабаққа директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Тілек Батырханқызы, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Айнагүл Елемесқызы, ағылшын бөлімінің меңгерушісі Азина Нуриевна,  информатика бөлімінің тәжірибелі оқытушысы Тлеуғабыл Иманбайұлы, колледжіміздің әдіскері Райхан Жансерікқызы өздерінің жақсы пікірлерін айтып, Арай Тоқтарқызына алдағы уақытта шығармашылық табыстар тіледі.

 

Просмотров: 374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст