АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Жасыл ауылының негізгі мектебінде «Шағын жинақталған мектеп: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсарту» атты әдістемелік семинар-практикум өтті. Мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептердің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша зерттеу жүргізу және тәжірибе алмасу. Семинар-практикумде колледж директоры ф.ғ.к Н.Ахат, директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева модератор болды және колледж оқытушылары А.Сабырова, Р.Қожахметова, Г.Әміржанова, Б.Бегалин, Ө.Төлеген қатысып, шеберлік сабақтар өткізіп, студенттер, Жасыл ауылының негізгі мектебінің ұжымы, Бурабай аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Семинар-практикумның пікірталас бөлімінде колледж директоры Н.Ахат шағын жинақты мектеп мәселелері туралы сөз қозғады. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі және Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Жасыл ауылының негізгі мектебі екі жақты ынтымақтастық туралы мемарандумға отырды. Аталған мектепте жалпы 45 оқушы оқиды, мектепте біздің оқу орынымыздың филология, информатика, бастауыш білім беру, ағылшын бөлімінің түлектері жұмыс жасайды. Мектеп директоры Амиржанов Бекжан Жолтайұлы колледжіміздің 1992 жылы бастауыш білім беру бөлімін тәмамдаған алғашқы түлегі. Шеберлік сабақтар барысында мектеп оқушыларының білім сапасы өте жоғары екендігі анық көрінді. Семинар өте сәтті өтті. Семинар-практикумге қатысушылар мектеп ұжымымен танысып, мектептің материалдық базасын көріп қайтты.