Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі білім беру бөлімінің оқытушысы М.Құрметқызының жетекшілігімен аталған бөлімнің «Сиқырлы әлем» қуыршақ театрының студенттері ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні Көкшетау қаласындағы №18 «Мирас» балабақшасында «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты сахналық қойылымын бүлдіршіндер назарына ұсынды. Сахналық қойылымда қызықты қимылды ойындар, әндер мен өлеңдер болды. Қойылымға балабақша тәрбиеленушілері мен балабақша әдіскері және педагогтар қатысты. Студенттер сахналық қойылымға аса жауапкершілікпен қарап, балалар көңілінен шыға білді.