02.03.2022
2022 жылдың 1 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Шарипова Салтанат Аманжоловнаның ұйымдастыруымен А-32ҚБ тобында «Талғат Бигелдинов – адамгершілік пен қарапайымдылықтың үлгісі» атты адалдық сағаты өтті. Негізгі мақсат – Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған ұшқыш жауынгер Талғат Бигелдиновтің ерлік істері туралы ұғындырып, өмір жолын, ерлігін танытып, оны үлгі-өнеге ету. Адалдық сағатында ЕЛ қорғаған батырларды құрметтеуге және олардың ерлігін мақтаныш етуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге баса назар аударылды.