АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Педагогтердің біліктіліктері сыналатын «Кәсіби шеберлік–2022» республикалық байқауынан арнайы пәндер бағыты бойынша Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің абыройын асқақтатып, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы БАС ЖҮЛДЕ иегері атағын иеленді. Осыған орай Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы құттықтап, оқу орны үшін бұл мерейлі жеңіс екендігін атап өтті. «Бұл – ұзақ жылдардағы үздіксіз ғаламат еңбегінің жемісі», – деп баға берді. Колледж ұжымы ардақты, үздік ұстазға ақ тілегін жаудырып, алғысын білдірді.