АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Республикалық «Кәсіби шеберлік – 2022» байқауы

23.02.2022

2022 жылдың 23 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің базасында Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша  онлайн форматта республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. 
Педагогтердің біліктіліктері сыналатын «Кәсіби шеберлік–2022» республикалық деңгейдегі байқауға республикадан іріктелген 14 арнайы пәндер оқытушылары қатысты.  Кәсіби шеберлік байқауы 4 модульдан тұрады. Олар: «Мен және қоғам», «Әдістемелік жоба», «Мультимедиялық технологиялар», «Педагогикалық жағдаят».
Алғашқы 2 модуль сырттай өткізіліп, бағаланды. Соңғы 2 кезең онлайн форматта бүгінгі күні жалғасын тапты. Байқауға колледжімізден арнайы пәндер бағыты бойынша педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы қатысып, байқау нәтижесі бойынша БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. Тойындық Молдағалиқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 325


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст