17.02.2022
2022 жылдың 16 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі «Музыкалық білім беру» бөлімінің оқытушылары Жүніс Ұлтай Нұрадинқызы мен Кустангельдинов Данияр Сырымбетұлы кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес № 19 жалпы орта білім беретін мектебіне барып қайтты. Аталмыш оқу орнының 9-сынып оқушыларына колледждегі мамандықтар туралы маңызды ақпараттар берілді. Білім алушыларға тақырыпқа сәйкес бейнеролик көрсетіліп, талапкерлерге арналған арнайы парақшалар таратылды.