03.02.2022
2022 жылдың 2 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі» кафедрасының оқытушылары Амиржанова Гүлмира Қайыржанқызы мен Секенова Балкүміс Байжанқызы кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі мен № 21 орта мектеп-лицейіне барып қайтты. Қолдау білдірген БМ-41 тобының студенттері аталмыш оқу орындарының 9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдау жайында маңызды ақпараттар берді. Білім алушыларға тақырыпқа сәйкес бейнероликтер мен презентация көрсетіліп, олар қызығушылық тудырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.