АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ЖАРҚЫН ЖҮЗДЕСУ

02.02.2022
Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне 2005 жылғы «Ағылшын» бөлімінің түлектері келіп, көзайым болды. Оқу орнының мақтаныштарының бірі Майгул Жумабек бүгінде Флорида штатындағы Орландо каласында жұмыс істесе, Нұрболат Жекебатыров Мичиган штатындағы Детройт каласында еңбек етеді. Шет елде жүрсе де, туған еліне, өніп-өскен, дамыған, білім нәрімен сусындаған мекемеге деген ыстық ықыласы ерекше. Өңірдің өркендеуіне үлесін қосып жүрген Зулкишева Көркемгүл Оразбайқызы да Көкшетау қаласындағы №7 орта мектебінде ұстаздық етсе, Бейсембаева Әсем Нұртайқызы Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінде тынбай ақпарат алмасады. 17 жылдан кейін сағынышпен келген түлектер Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлымен кездесіп, мауқын басты. Гүлденген, даму ордасына айналған оқу орнын көріп, ерекше қуаныш сезіміне бөленді. Ахат Нұртас Ахатұлы түлектерге өзінің сиясы кеппеген туындысы «ЕЛ» кітабын сыйлады. Сонымен қатар колледж мақтаныштары студенттермен кездесіп, сырлы сұхбат жүргізді.
Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст