20.01.2022
2022 жылдың 19 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Шетел тілі мұғалімі» құзіреттілігі бойынша колледжішілік «WorldSkills – 2022» чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Қатысушылардың реттік нөмірі онлайн генератор арқылы анықталды. Білім додасының бірінші күнінде жас таланттар электрондық портфолио дайындап, оны ағылшын тілінде қорғады. Сондай-ақ арнайы қойылған сұрақтарға еш қиындықсыз, мүдірмей жауап бере алды. Айта кетейік, білім бәйгесі 3 кезеңнен тұрады:
1. А Модулі – Электрондық портфолио құру;
2. В Модулі – Ағылшын тілі пәнінен сабақ өткізу;
3. С Модулі – Сөйлеу дағдысын тексеру.
«Шетел тілі мұғалімі» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills – 2022» колледжішілік чемпионатының қатысушылары:
1. Жасуланова Нурай (А-21 тобы);
2. Шайкенова Айнур (А-21 тобы);
3. Алшинбаева Адема (А-22 тобы);
4. Оралбек Іңкәр (А-22 тобы);
5. Марат Айлана (А-23 тобы);
6. Зинолла Жасмин (А-31 тобы);
7. Кулатаева Акбота (А-31 тобы);
8. Хашхынбай Таңшолпан (А-32 тобы).
Қатысушыларға сәттілік тілеп, қарым-қабілеттерін арттыруына тілектеспіз! Алар асуларың биік болсын!