АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 6 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Студенттердің интеллектуалды тұлға ретінде қалыптасу жолдары» атты топ жетекшілерінің әдістемелік семинары өтті. Негізгі мақсат – топ жетекшілерімен бірлесе отырып, интеллектуалды тұлға қалыптастыру жолында кездесетін проблемаларды анықтап, оны шешу жолдарын қарастыру. Сондай-ақ студенттің жан дүниесіне үңілу жолындағы кедергілерді жою мен интеллектуалды тұлғаның моделін бірлесе жасау басты назарға алынды. Әдістемелік семинардың ресми бөлімінде әр бөлім бойынша топ жетекшілерінің есептері тыңдалды. Кейін колледж психологі Мұхамеджанова Айым Қуандыққызы тренинг ұйымдастырып, топ жетекшілерінің белсенділігін арттыра түсті. Семинар барысында колледж әдіскері Мәншүк Тұрлыбекқызы топ жетекшісінде жиі кездесетін проблемаларды талқылап, шешімін шығарса, оқу бөлімінің меңгерушісі Әйтен Анаргүл Саматқызы жасөспірімдерге қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.