28.12.2021
Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Өркендеген отыз жыл» атты брейн-ринг ойыны өтті. Сайысқа облыс бойынша 12 колледж қатысып, оның ішінен 6-ы жеңімпаз атанды. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студентерінен құралған топ жеңімпаздар қатарынан көрініп, арнайы Дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!! Жеңісті күндер көп болсын!!!