13.12.2021
2021 жылдың 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Музыка» бөлімінің М-21 және М-41 топтарында «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Топ жетекшілері Мусайпова Шынар Қайратқызы және Таткенова Сауле Қайратқызы студенттерге Тәуелсіздік жолындағы ерліктер, ерен еңбектерді айтып, бұл сәттің нағыз бақыт екенін жеткізді.