11.12.2021
2021 жылдың 10 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 18 жасқа толмаған студенттердің ата-аналарымен онлайн форматта жиналыс өтті. Онда оқу ісінің меңгерушісі Әйтен Анаргүл Саматқызы студенттердің сабаққа қатысуы, оқу процесі туралы ақпарат берді. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы жасөспірімдер арасында кездесетін құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын атап өтті. Сондай-ақ Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық бөлімнің басшысы Казизова Асемгуль Кабиденовна 12-17 жас аралығындағы балаларға арналған Pfizer/BioNTech вакцинасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар өздерін алаңдатып жүрген сұрақтарына жауап ала алды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Жабағин Тілектес Есенжолұлы 18 жасқа толмаған ер балаларды әскери комиссариатқа тіркеу, құжаттар рәсімдеу бойынша ақпарат берді.