03.12.2021
2021 жылдың 2 желтоқсан күні Ақтөбе қаласының гуманитарлық колледжінде «Музыканы оқыту» құзіреттілігі бойынша «Worldskills Kazakhstan – 2021» Республикалық чемпионатының алғашқы кезені басталды. Білім додасында Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының қатысушылары өз шеберліктерін көрсетеді. Өңір намысын Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің музыка бөлімінің түлегі Бабаева Алина қорғайды. Аталмыш чемпионатқа қатысушылар 3 модуль бойынша бақ сынайды. Бабаева Алинаға әр кезеңнен сүрінбей өтіп, жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз! Сәттілік серік болсын!