03.12.2021
2021 жылдың 30 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Айбын – 2021» VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының жабылу салтанаты өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара онлайн форматта жүргізілді. Аталмыш жиынға Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің базасындағы «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері қатысып, 51 команданың ішінен 7 орынды иеленді. Бұл – жоғары көрсеткіш! Жабылу салтанатына Ақмола облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі кеңесшісі, полковник Ғаббасов Заңғар Әміржанұлы, сондай-ақ идеологиялық тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс басқармасының бастығы, Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, полковник Әлиев Ақдәулет Төлешұлы, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Нүкенов Алмат Төлегенұлы және облыстық білім басқармасының бас маманы Мағауина Айгүл Сағымбайқызы қатысты. Іс-шара барысында қонақтар Елордада өткен I Республикалық жас патриоттар форумын онлайн тамашалады. Жабылу салтанатының соңында Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің атынан «Айбын – 2021» VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын онлайн форматта ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысып, зор үлес қосқаны үшін колледж оқытушылары Таткенова Сәуле Қайратовна, Сағындық Тұрар Сағатұлы, Заманбекова Әлия Заманбековна, Тайманова Айнұр Талғатқызы, Мусаипова Шынар Қайратқызы, Бегалин Болат Жанайдарұлы, Здуалиев Рауан Кайргельдинович, Қайыржан Тілек Сағындыққызы және Қайырбай Айым Маралбекқызы арнайы мадақтамамен марапатталды.