АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«КОЛЛЕДЖДІҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» ЖОБАСЫ

25.11.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2021 жылдың 23 қараша–20 желтоқсан аралығында «Колледждің үздік студенті» жобасы ұйымдастырылуда.
Жобаға Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК-ның күндізгі оқу бөлімінің ІІ-IV курс студенттері арасынан кез келген студент қатыса алады. Оның ішінде:
- қоғамдық бірлестіктердің, колледждің үйірме, клуб, шығармашылық ұжымдар өкілдері, белсенділері, студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының мүшелері;
- түрлі деңгейдегі қалалық, облыстық, аймақтық, республикалық, ұлттық және халықаралық байқаулар, чемпионаттар, конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары;
- ғылыми конференциялар, пәндік олимпиадалардың қатысушылары мен жеңімпаздары;
- ғылыми жобалар, инновациялық идеялар мен стартап-жобалардың авторлары;
- мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде жұмыс істейтін бағдарламалар мен қызмет бағыттарының белсенді қатысушылары;
- музыкалық, спорттық (кәсіби) жарыстардың, конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары;
- колледждің жастар комитетінің өкілдері, колледж активі мен жатақхана студкеңесінің мүшелері.
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сай білім беру бағдарламаларының мазмұнын меңгеруде жоғары білім сапасын көрсеткен, педагогикалық практикада әдістемелік тәжірибеден өту барысында жеткен жетістіктері және әртүрлі мәдени-әлеуметтік жобаларға қатысу нәтижесі бойынша талантты жастарды қолдау аясында өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының үздік студенттерінің беделін арттыру, дарынды студенттерді қолдау, әлеуметтік белсенділігі жоғары студенттерді ынталандыру, сондай-ақ жастар саясаты мен азаматтық қоғам қалыптастыруда өзіндік үлес қосқан студент-жастардың абыройын арттыру мақсатында жарияланады.
ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ
Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады:
1. Бөлімдер бойынша өтініштерді қабылдау
2. Портфолиоларды іріктеу кезеңі
3. Колледжішілік онлайн-дауыс беру кезеңі
БӨЛІМДЕР БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ КЕЗЕҢІ:
Жоба туралы хабарландыру колледждің видеотақтасына, колледж сайты мен әлеуметтік желілерде орналастырылады. Жоба туралы ақпарат бөлім меңгерушілері мен топ жетекшілеріне таратылады. Бөлімдерге өтініштерді қабылдау мерзімі – 23-26 қараша. Әр бөлімнен 10 студенттен артық емес кандидатуралардың өтініштері қабылданады.
29 қараша – 6 желтоқсан аралығында қатысушылар өз портфолиоларын әзірлеп, бөлім меңгерушілеріне тапсырады.
Жобаның бөлімдер бойынша өтініштерін қабылдау кезеңін өткізу бөлім меңгерушілеріне жүктеледі.
ПОРТФОЛИОЛАРДЫ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
Жоба бойынша портфолиоларды іріктеу кезеңін өткізу үшін құрамына колледж директоры, орынбасарлар, бөлім меңгерушілері, қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар комитетінің мүшелері, колледж әдіскерлері, жастар ұйымының төрайымы енетін кандидаттарды іріктеу жөніндегі Комиссия құрылады. Комиссия отырысында барлық берілген өтініштердің арасынан оқу-тәрбие процесінде, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан, ғылым, өнер және басқа да салаларда айтарлықтай жетістіктерге жеткен колледж студенттерін анықтауда әр мамандық бойынша 5 студенттің портфолиосы іріктеледі.
КОЛЛЕДЖІШІЛІК ДАУЫС БЕРУ КЕЗЕҢІ
Бұл кезеңді өткізу колледждің тәрбие блогы мен жастар комитетіне жүктеледі. Үшінші кезеңге өткен қатысушылар өз фотосуреті мен өздері жайлы қысқаша эссені жастар комитетіне тапсырады. Instagram желісінің @vkpk_official парақшасына жүктеу желтоқсанның 10-15 аралығында жүзеге асырылады. Желтоқсанның 15-20 аралығында қатысушыларға дауыс беру ұйымдастырылады. Дауыс беру кезеңінен кейін әр мамандық бойынша бір жеңімпаз анықталады.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
«Колледждің үздік студенті» жобасының нәтижесінде:
- Жоба жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасына қатыса алады.
- Колледждің студент-жастарының әлеуметтік, мәдени және ғылыми белсенділігі артады.
- Студенттердің колледждің ғылыми-зерттеу, экспериментальдық, шығармашылық жұмысына қатысуға, барлық мәдени жобалар түрлеріне, конференцияларға, симпозиумдарға, мәжілістерге, байқауларға, фестивальдарға қатысып, өз жетістіктерін жариялауға және өзін-өзі дамытуға құлшынысы артады.
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
Жоба жеңімпаздары колледждің қамқоршылық кеңесінде жыл қорытындысында марапатталады. Жоба нәтижелері колледж сайтында, әлеуметтік желілерде және БАҚ-да жарияланады. Жоба жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасына жолдама алады.
Байланысу үшін ақпарат:
1. Колледждің тәрбие бөлімі (301 дәрісхана)
2. Жастар комитеті
Байланыс телефондары:
1. Жұмыс телефоны: 87162721346
2. Ұялы телефондар: 87056335209, 87078924279
Просмотров: 269


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст