23.11.2021
2021 жылдың 23 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Коронавирусқа қарсы вакцина», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Суицидтің алдын алу» тақырыптарында қыздар жиналысы өтті. Ауқымды мәселелерді көтерген іс-шараның мақсаты – жыныстық тәрбие, ол туралы сауаттылықты қалыптастыру, адам өмірінің ең маңызды құндылық екенін ұғындыру және қауіпті індетке қарсы екпенің адамзатқа пайдасын түсіндіру. Сондай-ақ жасанды түсік туралы да ақпарат берілді. Іс-шара «Клиника Панацея» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Көкшетау қаласындағы филиалының акушері Бисарина Жанар Курмановна мен психолог Аманбаева Улпан Сакеновна және колледж медбикесі Жұмабике Қапарқызының қатысуымен өтті. І, ІІ курс студенттері өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.