23.11.2021
Ағымдағы жылдың 22 қараша күні «Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионаты ашық деп жарияланды. Білім аламанына қатысушылар 22-27 қараша күндері Қостанай қаласында бақ сынаспақ. Республикалық чемпионатқа Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің түлегі Наурузова Милана қатысып отыр. Облыстың үкілеген үмітін арқалаған жас талантқа сәттілік тілейміз! Алар асуың биік болсын!