22.11.2021
2021 жылдың 19 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №3 педагогикалық кеңес өтті. Ең алдымен, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы «Кәсіби білім сапасын көтеруде студенттерді әлеуметтендіру мәселелерінің алатын орны» тақырыбында баяндама оқыды. Колледж студенттерінің әлеуметтік паспортымен таныстырып, үйірме, элективті курстардың жұмысына аса мән беру керектігін баса айтты. Оқу жылы басталғалы бағындырған жетістіктердің көңіл қуантатынын жеткізді. Колледж директорының оқу ісі бойынша орынбасары Рақымжан Әсел Қайроллақызы «І курс студенттерінің білім деңгейінің көрсеткіштері және білім сапасын жетілдіру туралы» баяндама оқып, үлгерім процесінің статистикасымен таныстырды. Сонымен қатар «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының негізінде колледждің стратегиялық бағдарламасын талқылау, бекіту» тақырыбында сөз сөйлеп, түсінік берді. Педагогикалық кеңеске ұсынылған мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті қаулы қабылданды.