АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Іс-тәжірибе қорытындысымен бөлісу

22.10.2021
Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының ІV курс студенттері қала балабақшаларында өткен іс-тәжірибе қорытындысымен бөлісті. Конференция барысында білім алушылар қатысушыларға «Байқау және бақылау» практикасының мақсат-міндеттері мен жалпы жоспарын таныстырды. Олар алған білімдерін І, ІІ, ІІІ курс студенттерімен бөлісті. Студенттер іс-тәжірибе барысында қолданған жаңа технологиялар мен жалпы дидактикалық көрнекіліктерін көрсетіп, олардың тиімді тұстарын, қажеттілігін атап өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойды. Олармен кері байланыс жасалып, тапсырмалар талқыланды. Конференцияға директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қарагөз Серікқызы, әдіскерлер Мейрамгүл Құрметқызы мен Гүлден Тұрлыбекқызы қатысып өз ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылар естіген ақпараттарын мазмұнды, әрі пайдалы болғанын айта өтті.
Просмотров: 266


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст