АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Асtion Research, Lesson Study технологияларын оқу процесіне енгізу» тақырыбында семинар-практикум

13.10.2021

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында Асtion Research, Lesson Study технологияларын оқу процесіне енгізу тақырыбында семинар-практикумы өткізілді. Мақсаты – жас педагог мамандардың Асtion Research, Lesson Study белсенді әдістерінің мәнін түсініп, өз жұмысын ұйымдастыруда қолдану. Модератор, философия ғылымдарының PhD докторанты Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы жас мамандарға қазіргі кезеңде педагогтың нәтижелі кәсіптік дамуының маңызын, жаңартылған білім жүйесінде мұғалімдердің құзіреттілігін арттыруға арналған әдістерді жан-жақты талдап, көрсетті. Семинар-практикум барысында колледж жас мамандары үш топқа бөлініп, топтық жұмыстар жасап, үлкен белсенділік танытып, өз ойлары мен ашық бөлісті. Сарапшылар тарапынан жұмыстар жүргізіліп, ұсыныстар айтылды. Директордың оқу ісі бойынша орынбасары, философия ғылымдарының PhD докторы Рақымжан Әсел Қайроллақызы семинар-практикумның екінші бағытында оқу процесіндегі кредиттік-модульдік технология, кредиттік технология, балдық бағалау жүйесі, Platonus бағдарламасы, SmartNaiton бағдарламасымен жұмыс жасау жолдарын түсіндіріп, жас мамандардың барлық сұрақтарына жауап берді. Семинар-практикум құнды ақпараттар мен қызықты тренингтер мен жас педагог мамандарға қызықты болды.

Просмотров: 264


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст