АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

13.10.2021

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері 2021 жылдың 21 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өткен «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті»  жобасының облыстық кезеңінде бақ сынағаны белгілі. Ақжолтай хабар! Бұл сайысқа қатысқан колледж студенттерінің барлығы республикалық кезеңге жолдама алды. Аталмыш білім бәйгесінде Ақмола облысының атын қорғайды. Топ жарған білім алушылар –– Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі  музыка бөлімінің 3 курс студенті Рамазан Лана, информатика бөлімінің III курс студенті Алькенов Данекер Амангельдыұлы және дене тәрбиесі және спорт бөлімінің IV курс студенті Болд Жангул. Бұл жоба талантты жастарды қолдау, жұмысшы мамандықтарды және техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарының үздік студенттерін танымал ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттеріне республикалық кезеңде жүзден жүйрік болып, жеңімпаз атануларына тілектеспіз. Сәттілік!

Просмотров: 246


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст