Рамазан Лана – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі музыка бөлімінің 3 курс студенті. Бүгінде ол «ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасының облыстық кезеңінде бақ сынауда. Болашақ мамандығы – музыка пәнінің мұғалімі.
Жас өрен Халықаралық «STARS MUSIC AWARDS» сайыс-фестивалінің «Эстрадный вокал» номинациясынан Гран-При, «Күншуақ» Республикалық арақашықтық фестиваль-сайысының «Вокал, хор» аталымы бойынша Гран-При, Халықаралық «Солнечный свет» интернет-олимпиадасы «Музыка в семье муз...» І орынды иеленген. Сонымен қатар волонтерлік және тәлімгерлік жұмыстармен де айналысқанды ұнатады. Бұл бағытта «Үздік практикант» және «Үздік фасилитатор» атанып үлгерген. 2018 жылы Жас Отан мүшесіне қабылданса, қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Мектеп кезінде Жас Ұланның құрамында болған.
https://www.instagram.com/p/CUEcmA-oNYj/?utm_medium=share_sheet