АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қаратал орта мектебінде жасалған саяхат

18.09.2021
2021 жылдың 17 қыркүйек күні филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлының 60 жылдық мерейтойына орай өзінің түлеп ұшқан білім ордасына колледж оқытушылары саяхат жасады. Бұл Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданындағы Қаратал орта мектебінде өтті. Мұндағы басты мақсат – білім беруді дамытуда ортақ нәтижеге жетудің заманауи мүмкіндіктерімен тәжірибе алмасу. Қойылған міндеттер: 1) Жаңа формация мұғалімі моделінің сипаттамасын көрсету; 2) Педагогикалық ұжымның белсенділігін жетілдіру; 3) Мектеп ұжымының ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттыруда ынтымақтастықта жұмыс жасау. Білім беру мекемесінің оқушыларына «ҰШҚАН ҰЯ» шеберлік мектебі шеберлік сабақтарын өткізді. Әуелі колледж оқытушылары Қаратал орта мектебінің жанындағы өлкетану мұражайына саяхат жасады. Онда жергілікті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, репрессия құрбандарының құрметіне арналған стенд қойылған. Сондай-ақ, сол мекемеде адал қызмет еткен ұстаздар да назардан тыс қалмаған. Мұражайда ескі, құнды жәдігерлермен толыққан. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлына арналған бұрыш бар. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы 8-сынып оқушыларына «Қорқыттың нақыл сөздері» атты шеберлік сабағын өткізсе, Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағанбетқызы 10-сынып оқушыларына «Мәнерлеп оқудың техникасын» меңгертті. Ал, Здуалиев Рауан Қайыргелдіұлы 4-сынып оқушыларына «Робототехниканың» қыр-сырын түсіндірсе, Заманбекова Әлия Заманбекқызы мен Жүніс Ұлтай Нұраддинқызы 6-сынып оқушыларын музыканың тылсымымен құмартты. Кәрібаев Бахтияр Қобыланұлы дене тәрбиесіне қатысты турнир өткізді. Бағдарламаға сәйкес «БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ САБАҚТАСТЫҚ» атты тимбилдинг ұйымдастырылды. Колледж директоры ф.ғ.к. Н.Ахат, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ә.Рақымжан, директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Б.Батанасова мектеп мұғалімдерімен заманауи білім мен ғылым бағытындағы өзекті мәселелер бойынша өзара талқылау жұмыстарын жүргізді. Соңында «Ұшқан ұя» шеберлік мектебі мектептің оқушыларымен кездесті. Нар тұлға Ахат Нұртас Ахатұлына «Осындай жетістіктерге жетудің сыры неде?», «Оған кім себеп болды?», «Ел» туындысы «Қазақтың Ары» кітабының жалғасы ма?» сынды сұрақтар қойылды. Жағымды жаңалық. Аталмыш мектепке колледж тарапынан түрлі көмек көрсетіліп келеді. Солардың бірі – мектеп мұғалімдерінің ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстары біріктірілген «Ұстаз еңбегі» атты жинақ. Бұл еңбек колледж типографиясында басылып шықты. Жинақ мектептің барлық оқытушыларына сый-сияпат ретінде арнайы табысталды. Сондай-ақ спорттық жабдықтар да тарту етілді.
Просмотров: 278


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст