25 тамыз Ақмола облысында «Білім мен ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» атты педагогикалық тамыз кеңесі Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің қатысуымен өтті. Пленарлық отырыстың салтанатты бөлімінде ТжКББ ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог – 2021» сырттай облыстық конкурсының қорытындысы бойынша Гран-при иегері атанған Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Заманбекова Әлия Заманбекқызы марапатталды.
«Үздік педагог – 2021» байқауына облыстың 27 оқу орнынан жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушылары сайысқа түсті. Конкурс төрт кезең бойынша өткізілді: бейне-ролик, эссе, портфолио, бейнесабақ.
Өзінің педагогикалық стилін танытып, білім берудің мазмұны мен формаларын, педагогикалық салада кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білген Әлия Заманбекқызын «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпазы атануымен шын жүректен құттықтаймыз!