«ҰСТАЗ ЕСІМІ – ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ»
02.10.2026
2026 жылғы 2 қазанда Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің №1 студенттер үйінде Ұстаздар күніне орай «Ұстаз есімі – құрметке лайық» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұстаз еңбегін дәріптеу, мұғалім мамандығына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, студенттердің ұстазға деген ізгі ықыласын қалыптастыру. Сонымен қатар ұстаздардың қоғамдағы маңызды рөлін түсіндіру, білім алушыларды үлкенді сыйлауға, алғыс айтуға және құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында ұстаз еңбегінің маңыздылығы мен қоғамдағы орны кеңінен насихатталып, білім алушылар өздерінің жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді.
Просмотров: 1034